АҚШ бастаған коалиция күштері сириялық әскери ұшақты атып түсірді. Бұл туралы Сирия үкіметінің өкілдері хабарлады, деп жазады 24.kz.
Оқиға Ракка провинциясындағы Эс-Саура қаласының маңында болған. Ресми Дамасктың мәлімдеуінше, ұшақ лаңкестерге қарсы әскери тапсырмамен ұшып шыққан. Өз кезегінде АҚШ әскери өкілдері бұл ұшақ коалиция қолдайтын жасақшыларды бомбалағаннан кейін атып түсірілгенін мәлімдеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу