АҚШ-тың басты символына қатысты шу шықты

239

Француздар әйгілі мүсінді 1886 жылы 28 қазанда АҚШ-қа сыйға тартқан. 

АҚШ-тың басты символына қатысты шу шықты Фото: delachieve.com

АҚШ-тың Ақ үйі Еуропарламент мүшесі Рафаэль Глюксманның Бостандық мүсінін Францияға қайтару туралы ұсынысына теріс жауап берді. Француз саясаткері бұл бастамасын АҚШ-тың демократиядан алыстап, "тирандар жағына шыққанымен" түсіндірді, деп жазады inbusiness.kz Коммерсантъ-ке сілтеме жасап.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт президент Дональд Трамп мүсінді Францияға қайтара ма деген сұраққа: "Мүлдем жоқ", – деп жауап берді.

Ол сондай-ақ: "Бұл төмен деңгейдегі француз саясаткеріне айтарым – француздардың қазір неміс тілінде сөйлемеуінің себебі тек Америка Құрама Штаттарының арқасы екенін еске салу",  деді.

Бостандық мүсіні Францияда мүсінші Огюст Бартольдидің басшылығымен жасалып, он жылға жуық уақытты алған.

Мүсін АҚШ-қа 1885 жылдың маусымында жеткізіліп, 1886 жылдың 28 қазанында президент Гровер Кливлендтің қатысуымен ашылу рәсімі өтті. 1984 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген. 

Қазіргі уақытта мүсін Нью-Йорк шығанағындағы Бостандық аралында, Манхэттеннен шамамен 3 км қашықтықта орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу