АҚШ базалық мөлшерлемені төмендетті

953

Dow Jones өндірістік индексі 2,94 пайызға дейін төмендеді. S &P 500 де осы шамалас,  2,81%-ға құлдырады. 

АҚШ базалық мөлшерлемені төмендетті

Бүгін АҚШ-тың Федералды қор жүйесі базалық пайыздық мөлшерлемені жарты пайызға төмендеткеніне қарамастан, негізгі қор индекстері тағы да түсіп кетті, деп хабарлайды Atameken Business.

Dow Jones өндірістік индексі 2,94 пайызға дейін төмендеді. S &P 500 де осы шамалас,  2,81%-ға құлдырады. Қазірдің өзінде инвесторлар 2008 жылғы дағдарыс қайталануы мүмкін деп байбалам салып жатыр.

Қор нарығының әлсіреуіне, сұраныстың күрт азаюы әсер етті. Оған желтоқсан айында Қытайда анықталып, кейін  әлемнің 75 еліне таралып үлгерген коронавирус себеп болды. Дерттің кесірінен 10 азаматынан айырылған АҚШ-тың реттеуші органы дәл осындай шұғыл отырысты 12 жыл бұрын ұйымдастырған болатын. Қазір көрсеткіш 1-1,25 пайыз аралығында. Егер мұндай өзгеріс жасамағанда, іс насырға шабар еді. Мақсат – экономиканы коронавирус салдарынан құтқару.

"Қор нарығындағы тұрақсыздық апта соңына дейін ұласады, мүмкін ол наурыз аяқталғанға дейін болар. Федералды қор жүйесі базалық пайыздық мөлшерлемені төмендеткенмен, индекстер бастапқыда көтеріліп, кейін қайта түсіп кетті. Негізгі индикатор нольге жуықтап қалды. Мәселе туындаған сайын оны 50 базистік пунктке дейін түсіре берсек солай болады да, бірақ қазір оның айтарлықтай тиімділігі жоқ екенін көріп отырмыз",– дейді DATATREK құрылтайшысы Ник Колас.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу