АҚШ баж салығын салса, ЕО қарап қалмайды

864

Қазір Вашингтон мен Брюссель арасында бірқатар сауда мәселесіне қатысты талқылаулар жүріп жатыр.

АҚШ баж салығын салса, ЕО қарап қалмайды

АҚШ экономикалық тұрғыда қаншалықты мықты болса, ЕО да соншалықты күшті және егер Вашингтон қосымша баж салығын салса, одақ та америкалық тауарларға қарсы салық салады. Германияның АҚШ-тағы елшісі Эмили Хабер осылай деді. 

Дипломаттың осылай шүйлігуіне Дональд Трамптың мәлімдемесі түрткі болып отыр. Егер Вашингтон мен Брюссель сауда келісімін жасамаса, Ақ үй басшысы Еуропалық одақтан әкелінетін автокөліктерге салық салатынын айтқан болатын. 

Францияның АҚШ-тағы елшісі Филип Этьеннің айтуынша, Еуропалық одақ ұшақтарға арналған субсидиялар және цифрлық салық бойынша АҚШ-пен арадағы шиеленісті реттеуді талап етіп отыр. Сондай-ақ ол одақтың салықты көтеруге мүдделі еместігін жеткізді.  
Айта кетейік, қазір АҚШ пен ЕО арасында бірқатар сауда мәселесіне қатысты келіссөздер жүріп жатыр. Тараптар ұшақтарға арналған субсидиялар, сауда тосқауылдары, еуропалық елдердің цифрлық қызметтерге салық салуы сияқты түйткілдерді талқылауда. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу