АҚШ бейбітшілікті сақтаудағы Қазақстанның үлесін жоғары бағалады

949

Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 30 жыл толуына орай АҚШ мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

АҚШ бейбітшілікті сақтаудағы Қазақстанның үлесін жоғары бағалады

Америка Құрама Штаттары Қазақстанды Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығымен құттықтады. Оны жабу туралы шешім ядролық қауіпсіздік пен таратпауға деген нақты бейілділікті көрсеткен.

"Қазақстанның Семей полигонына қатысты мұндай аса маңызды шешімі қауіпсіз әлемге қол жеткізуге бағытталған маңызды шаралар тізбегіндегі алғашқы шешім болды. Полигон жабылғаннан кейін АҚШ Қазақстанмен бірге кеңестік ядролық сынақ инфрақұрылымынан қалған мұраны алып тастау, сондай-ақ кейінгі кезеңде Дегелең тауындағы ядролық сынақтар үшін пайдаланылған 181 тоннельді жою үшін ынтымақтаса жұмыс атқарды", - деп жазылған хабарламада.

АҚШ мемлекеттік департаменті Қазақстанның бүкіл әлемде ядролық жарылғыш құрылғыларды сынауды тоқтатуды қолдау жөніндегі белсенді қызметі құрметке лайық екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу