АҚШ Бейжің Олимпиадасына дипломатиялық бойкот жариялайды

1245

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары 2022 жылдың 4-20 ақпан аралығында өтеді. АҚШ Президенті Джо Байденнің әкімшілігі Бейжіңде өтетін 2022 жылғы Олимпиадаға дипломатиялық бойкот жариялайды, деп хабарлайды Inbusiness.kz CNN-ге сілтеме жасап.

АҚШ Бейжің Олимпиадасына дипломатиялық бойкот жариялайды Фото: reuters.com

Бұл шара ресми түрде осы аптада қабылданады. Бірақ бойкоттың спортшыларға қатысы жоқ. Шенеуніктер ғана Олимпиада ойындарына барудан бас тартады.  

Бұған дейін бірқатар ел (қатарында Ұлыбритания бар) 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына дипломатиялық бойкот жариялауы мүмкін екенін айтқан еді. Байден де америкалық әкімшілік бойкот жариялау жағын қарастырып жатқанын мәлімдеген болатын. 

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары 2022 жылдың 4-20 ақпан аралығында өтеді. Паралимпиада 4-13 наурыз аралығында ұйымдастырылады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу