АҚШ Беларусь билігіне салынған санкциялық режимді тағы бір жылға ұзартты

379

Ал санкциялар енгізуге Беларусь елінде өткен президент сайлауы түрткі болған, деп хабарлайды Atameken business.  

АҚШ Беларусь билігіне салынған санкциялық режимді тағы бір жылға ұзартты Фото: yandex.kz

Ақ үй сайтында жарияланған Джо Байденнің хабарламасына сәйкес, “Беларусь билігінің кей мүшелерінің әрекеттері мен саясаты Американың ұлттық қауіпсіздігі мен сыртқы саясатына қауіп төндіреді. Сондықтан Минскіге  қатысты төтенше жағдайдың мерзімін тағы бір жылға ұзартамын” делінген.

Бұл елге қатысты Американың ең алғашқы санкцияларын сонау 2006 жылы кіші Джордж Буш енгізген болатын. Оның аясында  Беларусь президенті Александр Лукашенко мен одан өзге тоғыз жоғары шенді шенеуніктің есеп шоттары бұғатталып, Америка азаматтарына олармен келісім шарттар жасауға тыйым салынған.

Ал санкциялар енгізуге Беларусь елінде өткен президент сайлауы түрткі болған. Оның нәтижесін АҚ пен ЕО демократияға қайшы деп таныған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу