АҚШ Беларусь еліне санкция салуы мүмкін

795

Майк Помпео баспасөз мәслихатында осылай деді.

АҚШ Беларусь еліне санкция салуы мүмкін Фото: reuters.com

Құрама Штаттардың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Беларусьтағы сайлаудан кейін бұл елге санкция салынуы мүмкін дегенді айтты. Сонымен қатар Минскіге мұнай жеткізілімін тоқтату жағы да қарастырылып жатқан көрінеді. 

"Санкция салу, мұнай жеткізілімін тоқтату мәселесі қарастырылады. Беларусь халқы үшін Құрама Штаттар біржақты шаралар мен басқа да амалдарды жүзеге асыратынын анықтайды. Нақты қандай шектеулер екенін кейін белгілі болады", – дейді Помпео. 

Еске сала кетейік, Беларусьтегі жаппай ереуілдер 9 тамызда өткен президент сайлауынан кейін бірқатар қаланы шарпыды. Дауыс беру қорытындысы бойынша, қазіргі президент Александр Лукашенко дауыстың 80%-ын, ал басты қарсыласы Светлана Тихановская 10%-ын жинаған. Бірақ бас көтерген халық сайлаудың әділ өтпегеніне сенімді. Наразылығын білдіру үшін олар қала көшелеріне шақты. Артынан тәртіп сақшыларымен қақтығыс болды. Беларусьтың ІІМ-нің дерегі бойынша, 6000 тұрғын қамауға алынған. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу