АҚШ Беларусьқа қарсы санкция салды

2976

Нақты қай шенеуніктердің "қара тізімге" енгізілгені жарияланбады. 

АҚШ Беларусьқа қарсы санкция салды

Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен Беларусь билігінің бірқатар өкіліне қарсы визалық шектеулер енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz. Вашингтонның айтуынша, бұл санкцияларды салуға Минсктің шет елдердегі диссиденттерді қудалауы себеп болған. 

"Мемлекеттік департамент "Хашукджиге тыйым салу" аясында Беларусь азаматтарына қатысты визалық шектеулерді енгізеді", – деп жазылған ведомство мәлімдемесінде.

Дегенмен нақты қай шенеуніктердің "қара тізімге" енгізілгені жарияланбады. 
Бұған дейін АҚШ пен Франция президенттері Ресей Украинаға басып кірген жағдайда оған қарсы ауқымды экономикалық санкциялар енгізу бойынша бірлесе әрекет етуге уағдаласқан еді. Қос елдің басшылары Украина төңірегіндегі жағдайды және оның шекарасында Ресей әскерилерінің орналасуын талқылады. Олар НАТО одақтастарымен және ЕО серіктестерімен тығыз байланыста болатынын мәлімдеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу