АҚШ Беларуське қарсы жаңа санкциялар енгізуге дайын

548

Беларусь елінің Украинадағы қақтығыстағы рөлі АҚШ-тың уайымына айналды.  

АҚШ Беларуське қарсы жаңа санкциялар енгізуге дайын Фото: armenpress.am

Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Оның айтуынша, "Беларусь Ресейге Украинаға қарсы соғыс жүргізуге мүмкіндік беріп, оған қолдау көрсетті және Беларусь территориясын Ресей әскерлері үшін алаң ретінде пайдалануға жол ашты".

"Біз ресейлік әскердің жүріс-тұрысын мұқият қадағалап отырамыз. О баста қалай әрекет етсек, қазір де сол қарқыннан тайынбаймыз. Беларусь те біздің назарда. Ал Украинамен тығыз байланыс жалғасын табады, өйткені ол ресейлік агрессияға батыл жауап қайтаруда", - деді ол.

Өз кезегінде Мемлекеттік департаменттің өкілі Нед Прайс Вашингтон Беларуське қатысты жаңа шектеу шараларын енгізуі мүмкін деп хабарлады.

"Егер Беларусь Украинада соғыс қимылдарын жүзеге асыруға қосымша көмек көрсетсе, АҚШ қосымша шектеу шараларын қолдану арқылы тиісті жауап қайтарады", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу