АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті Беларусьтегі мемлекеттік қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне елге қайтуды бұйырды, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекеттік департамент 2022 жылдың 31 қаңтарында мемлекеттік қызметкерлердің отбасы мүшелеріне елден кетуге бұйрық берді", – деп жазылған ресми хабарламада.
Мемлекеттік департамент мұндай шешімді қабылдауға Украина шекарасындағы ахуал себеп болғанын мәлім етті.
Ескере кететін жайт, соңғы айларда Ресей мен Батыс елдері арасындағы қарым-қатынас шиеленісіп кетті. Вашингтон мен Брюссель Ресей Украинаға басып кірмек деген айып тақты. Осы орайда НАТО елдері Шығыс Еуропадағаы әскерилерінің санын көбейтті.
Ресей болса, өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып отыр.
Табиғат Нұрболат