АҚШ Беларусьтың 43 азаматына санкция жариялайды

1007

Олар елге кіру құқығынан айырылады. 

АҚШ Беларусьтың 43 азаматына санкция жариялайды

АҚШ әкімшілігі Беларусьтың 43 азаматына "демократияны бұзды" деген айып тағып, оларға қарсы санкция салады, деп хабарлайды Inbusiness.kz АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Ресми дерек бойынша, 43 адамға визалық шектеу енгізу шаралары қабылданған.

"Яғни олар Құрама Штаттарға кіру құқығынан айырылады",– деп жазылған құжатта.
Қара тізімге әділет секторының лауазымды тұлғалары, құқық қорғау органдарының басшылары, сондай-ақ құзыретті органдардың қатардағы қызметкерлері енгізілген.
Бұған дейін ЕО дипломатиясының басшысы ЕО-ның СІМ Кеңесінің отырысынан кейін Брюссель Лукашенконы Беларусьтың заңды президенті деп танымайтынын мәлімдеп, оған шектеу шаралары жарияланады деп мәлімдеген еді.

Еске сала кетсек, 9 тамызда Беларусьта өткен президент сайлауынан кейін жаппай ереуілдер әлі күнге дейін басылмай тұр. Саяси тартыста қазіргі президент Александр Лукашенко дауыстың 80%-ын жинап, басым түскен еді. Ал оның басты қарсыласы Светлана Тихановская дауыстың 10,09%-ын жинаған болатын.Бірқатар ел сайлаудың қорытындысын мойындамайтынын білдірді. Оның қатарында АҚШ, Украина, Германия, Канада және ЕО-ның бірнеше елі бар.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу