АҚШ "Bereke Bank"-ке салынған санкцияны алып тастайды

614

Тиісті шешім 6 наурызда күшіне енеді деп күтілуде.  

АҚШ "Bereke Bank"-ке салынған санкцияны алып тастайды Фото: bestnews.kz

АҚШ Қаржы министрлігі "Bereke Bank" – бұрынғы "Сбербанк"-қа еншілес компанияға қарсы енгізілген санкцияларды алып тастайтынын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz The Wall Street Journal порталына сілтеме жасап.

Оған жергілікті "Бәйтерек" холдингінің оны толығымен сатып алғаны себеп. Санкциялар тізімінен шығару 6 наурызда күшіне енеді деп жоспарланып отыр.

Ресурстың жазуынша, өткен жылдың қыркүйек айында АҚШ Қаржы министрлігіне "Бәйтерек" басшылығы атынан санкцияларды алып тастау туралы өтініш жолданған.

Еске салайық, АҚШ Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін "Сбербанктің" қазақстандық еншілес компаниясына қарсы санкциялар енгізді. Қыркүйекте "Бәйтерек" ұлттық холдингі еншілес банктің барлық акциялар пакетін сатып алғанын хабарлады. Одан соң банкте ребрендинг жүргізуге шешім қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу