Оның мерзімі 2022 жылғы 31 желтоқсаннан 2023 жылғы 31 наурызға дейінгі кезеңді құрайды.
Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Айта кететіні, 6 сәуірде АҚШ Қазынашылық департаментінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы ресейлік "Сбербанк" АҚ және оның еншілес компанияларын SDN тізіміне қосып, оларға қарсы санкция салды.
SDN тізіміне ену банк активтеріне тыйым салуды және АҚШ азаматтары мен компанияларына онымен бизнес жүргізуге тыйым салуды көздейді.
Контрагенттер 13 сәуірге дейін банкпен барлық қарым-қатынастарын аяқтауы керек еді. Біраз уақыттан кейін департамент лицензия берді, оған сәйкес операцияларды аяқтау мерзімі үш айға - биылғы жылдың 13 сәуірінен 12 шілдесіне дейін ұзартылды.
Кейін мәмілені аяқтаудың жаңа мерзімі 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін анықталды.
Еске сала кетсек, 2022 жылдың 2 қыркүйегінде "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі мен Сбербанк тобы Сбердің Қазақстандағы еншілес банкі ("Сбербанк" АҚ ЕБ) акцияларының барлық пакетін сатып алу-сату мәмілесін жасасуды аяқтады. Кейінірек банк атауы "Береке Банк" болып өзгертілді.