Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер сейсенбідегі брифингте мәлімдеді.
Журналистердің “АҚШ билігі айдың соңында белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін тәулігіне 1 миллион баррель мұнай сату жоспарда бар ма?” деген сұрағына жауап ретінде баспасөз хатшысы ондай мәселе қарастырылмағанын айтады.
"Біз сіз айтып отырған мұнайдан басқа стратегиялық резервтен мұнай сатуды қарастырған жоқпыз", – деп жауап берді Жан-Пьер.
Бірақ ол инфляциямен күрес жалғасын табатынын атап өтті.
Байден наурыз айының соңында АҚШ Энергетика министрлігін елдегі бензин бағасын төмендету мақсатында 180 күн ішінде тәулігіне 1 миллион баррель стратегиялық резервтегі мұнайды сатуға міндеттейтін жарлыққа қол қойды. АҚШ Энергетика министрлігі шикізатты сатудан түскен кірісті энергия көздерін сатып алу үшін, алдағы уақытқа мұнай қорын толықтыру үшін пайдалануы тиіс еді.