АҚШ билігі IQOS сатылымын тоқтатпақ

989

Президент тиісті құжатқа қол қойса, тыйым күшіне енеді.

АҚШ билігі IQOS сатылымын тоқтатпақ Фото: reuters.com

АҚШ-тың халықаралық сауда жөніндегі комиссиясы басқа темекі компаниясының патентін бұзғаны үшін Philip Morris International компаниясының IQOS темекі қыздыру жүйесінің сатылымын тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап. 

Комиссия екі патентті бұзу фактісіне қатысты шешім қабылдады. Қазір құжат әкімшіліктің қаралымына жіберілді. АҚШ президенті қол қойғаннан кейін ғана тыйым күшіне енеді.

Зияткерлік меншік құқығын бұзу туралы шағымды British American Tobacco-мен байланысы бар R.J. Reynolds Tobacco компаниясы түсірген. Оған glo деп аталатын темекіні қыздыру жүйесі тиесілі. Бірақ Philip Morris International және оның АҚШ-тағы серіктесі Altria Group америкалық биліктің шешімімен келіспей отыр, алдағы уақытта қарсы тараппен соттаспақ.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу