АҚШ билігі бұған дейін Тегеранда өлтірілген ХАМАС-тың саяси бюро басшысы Исмаил Ханияның өліміне қатысы жоғын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты БҰҰ жанындағы АҚШ Тұрақты өкілінің орынбасары Роберт Вуд мәлімдемесіне сілтеме жасап.
"Америка Құрама Штаттары ХАМАС көшбасшысы Исмаил Ханияның өлімі жайлы білген жоқ, сондықтан оған еш қатысы жоқ", — деді Вуд БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында.
Сонымен бірге, ол АҚШ-та оның өлімі туралы тәуелсіз дереккөздермен расталған ақпарат жоғын атап өтті.
Сәрсенбіде Палестина ХАМАС қозғалысы Израильдің Тегерандағы резиденциясына жасаған соққысы нәтижесінде саяси бюро басшысы Исмаил Ханияның қайтыс болғанын хабарлады, ол ел астанасына Иранның жаңа президентінің инаугурациясына қатысу үшін барған болатын.
Қозғалыс Ханияның өлімі үшін жауапкершілікті Израиль мен АҚШ-қа жүктеді және бұл шабуыл жауапсыз қалмайтынын мәлімдеді. Пентагон басшысы Ллойд Остин ХАМАС саяси бюросының басшысының өлімі мен оған Израильдің қатысы бар-жоғына түсініктеме беруден бас тартты. Израиль армиясының өкілдері өз кезегінде Ханияны өлімі туралы "бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларына жауап бермейді" деп мәлімдеді.