АҚШ билігі климаттық зерттеулерге жұмсалатын қаражатты қысқартады

120

Енді бұл саладағы зерттеулерді қолдау азаяды.  

АҚШ билігі климаттық зерттеулерге жұмсалатын қаражатты қысқартады Фото: GCS study

АҚШ президентінің әкімшілігі климаттық зерттеулерді қолдауға бағытталған бағдарламаны қаржыландыруды қысқартты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

The New York Times жазуынша, Принстон университетіндегі климаттық зерттеулерге бөлінген қаражат шамамен 4 миллион долларға қысқарады. Бұл климаттық өзгерістер мен жаһандық жылыну мәселелеріне қатысты зерттеулерді қолдау азаяды деген сөз.

Сауда министрлігі бұл шешімді зерттеулер басқармасының қазіргі басымдықтарымен сәйкес келмейтінін айтып, түсіндірді. Климаттық өзгерістерге қатысты білім беру бағдарламалары мен екі бес жылдық зерттеу жобаларын қаржыландыру тоқтайды. Бұл жобалардың бірі жер бетіндегі су ресурстарының қолжетімділігінің жаһандық жылыну нәтижесінде қалай өзгеретінін зерттесе. Екіншісі жауын-шашынның өзгеруі мен теңіз деңгейінің көтерілуі жағалаудағы су тасқынына қалай әсер ететінін болжайды.

"Мұндай бағыттарды қолдауға федералды қаражатты пайдалану әкімшіліктің басымдықтарына сәйкес емес. Бұл уақыт пен ресурстарды басқа маңызды мақсаттарға жұмсау тиімдірек болар еді", - делінген ведомство хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу