АҚШ билігі мигранттарға азаматтық үшін ойын ойнатпақ

165

Трамп әкімшілігі мигранттарға арнап тележоба жасау идеясын талқылап жатыр. Тележобада жеңіске жеткен адам АҚШ азаматтығын алады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

АҚШ билігі мигранттарға азаматтық үшін ойын ойнатпақ Фото: pixabay.com

Дональд Трамп әкімшілігі мигранттарға Америка азаматтығын ала алатын реалити-шоу жасау мүмкіндігін қарастыруда.

Бағдарламаға қатысушылар өздерінің "нағыз америкалық"екенін дәлелдеуі керек. Тапсырмаларға, мысалы, алтын іздеу немесе ескі Ford көлігін құрастыру кіруі мүмкін. Әр апта сайын бір адам ойыннан шығарылып отырады.

"Бұл мигранттар үшін “аштық ойыны" емес. Біз "жеңілдің қайығыңа отырып кет"демейміз", – деді реалити-шоу идеясының авторы Роб Уорсоф әзілдеп.

АҚШ ішкі қауіпсіздік департаменті бұл жобаны "патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті сезіндіруге" көмектеседі деп санайды. Реалити-шоудың мақсаты "Америка азаматтығын алу қандай артықшылық екенін” түсіндіру.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу