АҚШ билігі Навальныйды босатуға үндеді

832

Еуропаның бірқатар елі осындай пікірде.

АҚШ билігі Навальныйды босатуға үндеді Фото: rbc.ru

АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті Ресей Федерациясында ұсталған оппозиционер Алексей Навальныйды босатуға үндеді. Құрама Штаттардың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео осындай мәлімдеме жасады.

Бұған дейін Ресей СІМ шетелдік саясаткерлерді халықаралық құқықты құрметтеп, өз елдерінің мәселелерімен айналыссын дегенді айтқан еді. 

17 қаңтарда Навальный Германиядан Ресейге оралып,оны тәртіп сақшылары әуежайда қамауға алды. Сот шешіміне дейін енді ол қамауда болады. 

"Америка Құрама Штаттары Ресейдің Алексей Навальныйды ұстау туралы шешімін айыптайды. Біз оны дереу босатуды талап етеміз", – деп жазылған ведомство мәлімдемесінде. 

Бұған дейін Канаданың Сыртқы істер министрі Марк Гарно, Еурокеңес басшысы Шарль Мишель, бірқатар еуропалық елдің СІМ саясаткерді босатуға үндеген еді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу