АҚШ билігі Украинаға жаңа әскери көмек пакетін бөлді

519

Осымен Американың Украинаға әскери көмегінің жалпы көлемі 35,4 миллиард долларды құрады. 

АҚШ билігі Украинаға жаңа әскери көмек пакетін бөлді Фото: kz.oqu.news

АҚШ билігі Украинаға 325 миллион доллар көлемінде жаңа әскери көмек пакетін бөлді, оның құрамына HIMARS, артиллериялық снарядтар, танкке қарсы жүйелер кіреді, деп жазады inbusiness.kz.

Сәрсенбіде жарияланған Ақ үйдің мәлімдемесінде президент Джо Байден "АҚШ Мемлекеттік хатшысына Украинаға көмектесу үшін АҚШ Қорғаныс министрлігінің қорғаныс өнімдері мен қызметтерін, әскери дайындық пен оқыту үшін 325 миллион долларға дейін бөлуге тапсырма берді" делінген.

Пентагонның мәлімдемесінде пакетке HIMARS үшін қосымша оқ-дәрілер, 155 мм және 105 мм калибрлі артиллериялық снарядтар, TOW танкке қарсы зымыран кешендері, AT-4 танкке қарсы жүйелері, танкке қарсы миналар мен басқа да құралдар енгізілгені көрсетілген. Сонымен қатар, АҚШ Украинаға төрт логистикалық қолдау машинасын, 9 миллионнан астам атыс қаруын, жоғары дәлдіктегі авиациялық оқ-дәрілерді, техниканы жөндеуге арналған жабдықтарды, қосалқы бөлшектер мен басқа құралдарды бермек.

Америкалық әскери ведомствоның бағалауы бойынша, соғыс басталғалы бері АҚШ-тың Украинаға әскери көмегінің жалпы көлемі 35,4 миллиард долларды, ал 2014 жылдан бастап 38,1 миллиард долларды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу