АҚШ билігі Уоррен Баффетпен дағдарыс жайын талқылады

532

Банк секторына инвестициялар салу туралы өтініш айтылды деп болжануда. 

АҚШ билігі Уоррен Баффетпен дағдарыс жайын талқылады Фото: РБК

Berkshire Hathaway Inc қаржы холдингінің негізін қалаушы (BRKa.N) Уоррен Баффет Байден әкімшілігінің жоғары лауазымды тұлғаларымен банк дағдарысы туралы келіссөздер жүргізді, деп хабарлады Reuters 

Бұл туралы Ақ үй мен АҚШ Қаржы министрлігі түсініктеме беруден бас тартқан. Осыған дейін Bloomberg News Баффеттің соңғы күндері аймақтық банк дағдарысы туралы әкімшілік өкілдерімен келіссөз жүргізгенін хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, дереккөз бұл талқылаулардың бүге-шүгесіне тоқталудан бас тартты.

Келіссөз Баффеттің АҚШ-тың аймақтық банк секторына инвестиция салуына бағытталғаны белгілі болды. Bloomberg News агенттігі бұдан басқа миллиардердің қазіргі жағдайға байланысты өз кеңесі мен ұсыныстарын бергенін атап өтті.

Silicon Valley Bank пен Signature Bank-тің күйреуі банк жүйесіне деген сенімге селкеу түсіріп, банк акцияларының сатылуына себеп болған.

Bloomberg осыған дейін Уоррен Баффеттің дағдарыс жағдайында банктерге көмек көрсеткенін еске салды. Мәселен, 2011 жылы Bank of America акциялары сапасыз ипотекалық несиелермен байланысты шығындар аясында құлдырағаннан кейін миллиардердің қолдауына ие болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу