АҚШ бірнеше күн ішінде 1,3 млрд долларға "алтын" грин-карта сатқан

195

Бұл туралы АҚШ-тың Сауда министрі Говард Латник мәлімдеді.

АҚШ бірнеше күн ішінде 1,3 млрд долларға "алтын" грин-карта сатқан Фото: canva

АҚШ соңғы бірнеше күнде елде тұру құқығын беретін "алтын" грин-карталарды сату арқылы 1,3 миллиард доллар табыс тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Report басылымына сілтеме жасап.

Латниктің айтуынша, сатылым көлемі небәрі бірнеше күннің ішінде осы сомаға жеткен.

Қазіргі уақытта "алтын" грин-карта арқылы заңдастыру мүмкіндігі АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігіне өтінішті өңдеу үшін 15 мың доллар алым төлеу арқылы ұсынылады. Өтініш мақұлданған жағдайда, үміткер қосымша түрде АҚШ үкіметіне 1 миллион доллар төлеуі тиіс.

Билік грин-картаны жедел қарастырып, тез арада беруге уәде етіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу