АҚШ биржалары рекордтық деңгейде жабылды

598

Бұған Ақ үй басшысы Дональд Трамптың Қытаймен келісімге келуі туралы мәлімдеме жасауы сеп болып отыр. 

АҚШ биржалары рекордтық деңгейде жабылды

23 желтоқсан күні америкалық қор индекстері сауда сессиясының жабылуында максималды деңгейге жетті. Бұған Ақ үй басшысы Дональд Трамптың Қытаймен келісімге келуі туралы мәлімдеме жасауы сеп болып отыр. 

Ресми дерек бойынша, Dow Jones Industrial Average (DJIA) индексі 0,34%-ға көтеріліп, 28551,53 пункт болды. NASDAQ жоғары технологиялық компаниясының индексі 0,23 %-ға көтеріліп, 8945,648 пунктке, ал S&P индексі 0,09%-ға өсіп, 3224,00 пунктке жетті. Сауда қорытындысы бойынша, NASDAQ пен S&P 500 индекстері рекордтық деңгейге жетіп отыр. 

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп жақын арада Бейжіңмен сауда келісіміне қол қойылатынын мәлім еткен еді. Ал Қытайдың тарифтер жөніндегі комитеті болса, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 850-ден астам тауарға салынатын импорттық баж салығының мөлшерін азайтатынын жариялады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу