АҚШ биржаларындағы көрсеткіш соңғы 50 жылда болмаған деңгейге түсті

607

АҚШ-тың биржалары алғашқы жартыжылдықта жақсы нәтиже көрсетпеді. Қор индекстері соңғы 50 жылда болмаған деңгейге дейін түскен. Мәселен, 6 ай ішінде Dow Jones индексі 15,31%, S&P 500 20,58%, Nasdaq 29,51%-ға құлдырады, деп хабарлайды Atameken Business.

АҚШ биржаларындағы көрсеткіш соңғы 50 жылда болмаған деңгейге түсті

Сарапшылардың да болжамы жағымсыз. Олар екінші жартыжылдық та АҚШ экономикасы үшін жайлы болмайтынын айтты. Себебі инфляция шарықтап, өсім баяулап кеткен. Рецессиядан құтылу мүмкін емес. Осыған дейін оны болдырмау мүмкіндігі бар деген билік, енді ақша-кредит саясатын қатаңдатудан басқа амал жоқ деп отыр.

Естеріңізге салайын, АҚШ өткен айда базалық пайыздық мөлшерлемесін көтерген болатын. Енді осы елдің реттеуші органы, оны жыл соңына дейін бірнеше мәрте жоғарылатады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу