АҚШ болат пен алюминий импортына баж салығын салмақ

1039

АҚШ болат пен алюминий импортына баж салығын салмақ

Ақ үй басшысы Дональд Трамп болат пен алюминий импортына баж салығы салынатынын мәлімдеді.

Оның айтуынша, шеттен әкелінетін болатқа салынатын импорттық баж салығы 25 пайыз, ал алюминий үшін 10 пайызды құрамақ. Ал егер кімде-кім салық төлегісі келмесе, онда өндіріс орнын Құрама Штаттарына көшіріп алуына болады. Дегенмен кей елдердің бұл кедендік салықтан босатылатынын да баса айтты.

Айта кетейік, баж салығын енгізу туралы заң 15 күннен соң күшіне енеді. Ал ресми Вашингтонның бұл әрекетіне Еуропалық Одақтың да өз жауабы дайын. Одақ АҚШ-тан әкелінетін бірқатар тауарға 25 пайыздық баж салығын салып та үлгерді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу