АҚШ Болгарияға әскер жібереді

836

АҚШ НАТО-ның шығыстағы шебінің қауіпсіздігін күшейту үшін Румыния, Болгария, Венгрия, Словакия елдеріне 2 400 сарбаз жіберетін болды, деп хабарлады Atameken Business.

АҚШ Болгарияға әскер жібереді

Десантшылардың дені жағдай тұрақталғанша Болгарияда қызмет атқарады. Қалғаны Румыния, Венгрия және Словакиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

АҚШ-тың 101-ші десанттық дивизиясы алғаш рет Еуропаға Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде келген.

Бүгінде АҚШ-тың 100 мың әскери азаматы Еуропада қызмет атқарады. Балтық жағалауындағы және Шығыс Еуропадағы елдер америкалықтардың өңірде көп болғанын және қорғанысқа қажетті техникаларымен молынан қамтамасыз еткенін қалайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу