АҚШ Brent маркалы мұнайдың 2024 жылға арналған баға болжамын төмендетті

Осылайша, Американың Энергетикалық ақпарат басқармасы (EIA) 2024 жылы Brent баррелінің құны өткен жылдың деңгейінде болады деп күтеді. 

АҚШ Brent маркалы мұнайдың 2024 жылға арналған баға болжамын төмендетті Фото: pixabay.com

АҚШ Энергетика министрлігі 2024 жылға Brent маркалы мұнай бағасының болжамын барреліне 82,57 доллардан 82,49 долларға дейін аздап төмендетті. Бұл ақпарат ведомствоның Энергетикалық ақпарат басқармасының (EIA) ай сайынғы болжамының деректерінен туындаған, деп жазады inbusiness.kz сайты Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, 2023 жылдың қорытындысы бойынша, басқарма баррелі 82,41 доллар құрайтын Brent-тің орташа бағасын ұсынды. Бұл көрсеткіш желтоқсан айында жасалған болжамға сәйкес келеді.

Осылайша, Американың Энергетикалық ақпарат басқармасы (EIA) 2024 жылы Brent баррелінің бағасы өткен жылғы деңгейінде қалып, небәрі 0,1%-ға өсетіінін болжап отыр.

Бұдан бөлек, 2025 жылы басқарма мұнайдың эталондық сортының бағасы барреліне 79,48 долларға дейін төмендейді деп күтуде.

Алайда, ведомство өкілдері бұған келесі жылы күтілетін мұнай сұранысынан тыс өндірістің өсуі ықпал етеді деп болжайды.

"Бұл мұнай резервтерін жоспарлы түрде толтыруға септігін тигізеді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, АҚШ Энергетика министрлігі бағаның тұрақсыздығына әкелуі мүмкін Таяу Шығыстағы қақтығыстың әсері сияқты жеткізілімдердің ықтимал үзілістерімен байланысты тәуекелдерді атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу