Тиісті жарлыққа АҚШ президенті Дональд Трамп қол қойды, деп жазады inbusiness.kz сайты BBC-ге сілтеме жасап.
АҚШ британиялық көліктерге баж салығын азайтты. Америка Құрама Штаттары 100 мың көлікке дейін кіргізуге рұқсат беріп отыр. Есесіне Лондон 19%-дық тариф күшін жойып, АҚШ-тан 1,5 млрд этанол импорттауға келісті.
Десе де Ақ үй басшысы: "Ұлибританиядан келетін болат пен алюминийге қатысты мәселені кейінірек шешеміз", – деп баж салығын 25% көлемінде қалдырды.
"Трамп бизнес пен тұтынушыларды американдық тауарларды көбірек сатып алуға ынталандыру үшін АҚШ-қа кіретін тауарларға салынатын салықты асығыс жариялады. Бұл бүкіл әлемде, соның ішінде автомобиль және болат өндірушілер негізгі экспорттық бағыт ретінде АҚШ-қа сенетін Ұлыбритания үшін қаржылық алаңдаушылық тудырды", – деп жазды ВВС.