АҚШ БҰҰ-ға Париж келісімінен шығатынын ескертті

915

АҚШ БҰҰ-ға Париж келісімінен шығатынын ескертті

Дональд Трамптың әкімшілігі  БҰҰ-ға 2015 жылы қабылданған климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі Париж келісімінен шығатынын ескертіп, жазбаша түрде ресми үндеу жолдады. Бұл туралы The Qazaq Times жазды. 
Париж келісімінен шығу туралы алғашқы мәлімдемені осы жылдың маусым айында АҚШ Президенті Дональд Трамп айтқан болатын. Ол: "Париж келісімінің шарттары АҚШ-ты жазаға тартып отыр, біз миллиондаған жұмыс орындарынан айырылып қалуымыз мүмкін" дей келе, климаттың өзгеруіне қатысты АҚШ-тың мүддесіне қайшы келмейтін басқа келісімге қосылуға қарсы емес екенін білдірді. БҰҰ-ға жолданған ресми жолдауда АҚШ Париже келісімінен шыққанымен, әлемдік келіссөздер мен талқылауларға қатысатынын растады. Американың келісімнен шығу туралы хабарламасын келісімге қол қойған маңызды мемлекеттер бірден қолдап, дауыс берді. Париж келісіміне қосылған мемлекеттер 2019 жылдың 4 қазанына  дейін одан шықпауы керек. Ал Америка мүмкіндік туған ең жақын уақытта келісімнен кету туралы ұсыныс білдіріп отыр. "Барлық ресми шаруаларды есептегенде, АҚШ-тың Париж келісімінен шығуы 2020  жылға дейін созылуы мүмкін. 2020 жылы АҚШ-та өтетін Президенттік сайлау нәтижесінде келетін жаңа Президент Париж келісіміне қайта қосылуды не барлығын өзгеріссіз қалдыруды  шешеді", - дейді ақпараттық агенттік журналистері. Париж келісімі  - жер шарындағы бар елді климаттың өзгеруіне қарсы күресуге заңды түрде міндеттейтін маңызды құжат. Оған тек Сирия мен Никарагуа ғана қол қоймаған. Париж келісімінде мемлекеттерге бірқатар міндеттемелер жүктелген:  өндіріс орындары, көлік қозғалысы есебінен ауаға шығарылатын улы газдардың көлемін сол аумақтағы орман, су ресурстары табиғи жолмен сіңіріп алатындай деңгейге дейін түсіру;  жаһандық температураны 2C (3.6F),  ал болашақта 1,5С дейін төмендету; дамыған мемлекеттер экономикасы әлсіз елдердің баламалы энергия көздеріне өтуі үшін қаржы бөлу. Әр 5 жыл сайын келісімге мүше мемлекеттердің өз міндеттемесін қалай орындап отырғаны тексеріледі. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу