Америка Құрама Штаттары соңғы 2 жылда алтыншы рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Газа секторы бойынша қарарға вето қойды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қарардың авторлары Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелері: Алжир, Дания, Гайана, Пәкістан, Панама, Корея Республикасы, Сьерра-Леоне, Словения мен Сомали.
Дауыс беру алдындағы мәлімдемесінде АҚШ өкілі қарар жобасына вето қою ешкімді таң қалдырмайтынын, өйткені жоба "Хамасты айыптамайды немесе Израильдің өзін-өзі қорғау құқығын мойындамайды" деп атап өтті.
Сондай-ақ, америкалық дипломат қарар жобасы ХАМАС-ты қолдайтынын және "БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде таратылған жалған әңгімелерді негізсіз түрде заңдастыратынын" алға тартып, барлық тұтқындарды босатпайынша Газада атысты тоқтату мүмкін емес екенін айтты.
Ал, құжатта шұғыл, ешқандай шарттарсыз, лайықты түрде кепілдегілерді босату туралы айтылған және Израильді Газаға шұғыл, ешқандай шарттарсыз гуманитарлық көмекті кіргізу үшін барлық шектеулерді алып тастауға шақырады.
Құжат көмектің барлық сектор бойынша еш кедергісіз, қауіпсіз таратылуын және барлық басты қажетті қызметтерді қалпына келтіруді талап етеді.
Сондай-ақ Халықаралық гуманитарлық ұйымдар Израильдің Газаға шабуылын тоқтатуға шақырып отыр.