АҚШ COVID-19 дертіне қарсы дәрі өндірісіне қыруар қаржы бөледі

878

Былтыр Құрама Штаттары вакцинаны дайындауға 18 млрд доллардан астам қаражат жұмсаған еді. 

АҚШ COVID-19 дертіне қарсы дәрі өндірісіне қыруар қаржы бөледі

АҚШ үкіметі жаңа бағдарламаға 3,2 млрд доллардан астам инвестиция құяды. Оның мақсаты – COVID-19 ауруына қарсы дәрі-дәрмекті жасап шығару, деп хабарлайды Inbusiness.kz The New York Times басылымына сілтеме жасап.

Инвестициялар препараттардың клиникалық зерттеулерін жеделдетуге жұмсалады. Дәрі осы жылдың соңына дейін тіркелуі әбден мүмкін. Қаражаттың үштен бірі ауруды бастапқы сатыда тежейтін немесе пандемияға әкелуі мүмкін басқа инфекцияларды емдеуге көмектесетін препараттарды  шығаратын зерттеу орталықтарына үлестіріледі.

2020 жылы АҚШ билігі вакцинаны дайындауға 18 миллиард доллардан астам қаражат бөлген еді.

Ресейде де коронавирусқа қарсы дәрі жасалуда. Сәуір айында ФМБА иммунология институтының директоры Мұса Хаитов "Мир-19" деп аталатын дәрінің тиімділігін жариялаған болатын.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу