АҚШ ДДСҰ-дан шығатын болды

780

АҚШ ұйымды қаржыландыруды тоқтатқан еді.

АҚШ ДДСҰ-дан шығатын болды

Құрама Штаттардың президенті Дональд Трамп Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығу туралы ниетін Конгреске жеткізді. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады. 

Бұған дейін мамыр айының соңында Трамп ДДСҰ-на ультиматум жариялаған еді. Нақтырақ айтқанда, ұйымнан Қытайдан тәуелсіз екенін дәлелдеуді және АҚШ-тың реформа бойынша шарттарын 30 күн ішінде орындауын талап етті. Егер талабы орындалмаса, Трамп АҚШ-тың ұйымнан шығатынын басып айтқан болатын. 

Ал одан бұрын Ақ үй басшысы ДДСҰ коронавирус пандемиясы кезінде жеткілікті түрде шара қабылдамады деп айыптап, ұйымға қаржы бөлуді тоқтатып тастады. Трамптың айтуынша, ұйымдағылар 2019 жылдың соңында індеттің қауіптілігі туралы білсе де, ұзақуақыт жасырып келген көрінеді. 

Табиғат Нұрболат
Фото: cnbc.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу