АҚШ дефолттың алдын ала алды

528

Өкілдер палатасы мен Сенат мемлекеттік қарыздың шегі туралы заң жобасын мақұлдады. 

АҚШ дефолттың алдын ала алды Фото: static.dw.com

АҚШ Конгресі соңғы сәтте елге қауіп төндіруі мүмкін дефолттың алдын алды. Алдымен Өкілдер Палатасы, содан кейін Сенат мемлекеттік қарыздың шегі туралы заң жобасын мақұлдады, деп жазады Inbusiness.kz DW-ға сілтеме жасап. 

Жаңа заң жобасын жоғарғы палатада қабылдау үшін 100 сенатордың 60 дауысы қажет болды. Нәтижесінде 63 сенатор "қолдап" дауыс берді. Енді заң жобасы президент Джо Байденге қол қоюға жіберіледі.

Қарыз шегін 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтата тұрудан басқа, келісім 2024 және 2025 жылдарға арналған шығындарды шектейді, ковид пандемиясына бөлініп пайдаланылмаған қаражатты қайтарады, кейбір энергетикалық жобаларға рұқсат беру процесін жеделдетеді. Байден оған 5 маусымға дейін қол қоюы керек - бұл күні Қаржы министрлігі міндеттемелерді орындау үшін қолда бар ресурстарды сарқып, ведомство басшысы Джанет Йеллен ескерткен дефолт болуы мүмкін еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу