АҚШ делегациясы ЭКСПО көрмесіне барды

646

АҚШ делегациясы ЭКСПО көрмесіне барды

АҚШ павильоны ЭКСПО 2017 көрмесінде АҚШ энергетика министрінің орынбасары Дэн Брулетт бастаған америкалық үкімет пен бизнестің маңызды өкілдері қатысқан ресми делегацияны қуана қарсы алды, деп хабарлайды strategy2050.kz.

"АҚШ павильонында АҚШ энергетика министрінің орынбасары Дэн Брулетт бастаған ресми делегацияны қарсы алу біз үшін абырой, - деп атап өтті АҚШ павильонының бас атқарушы директоры мен президенті доктор Джошуа Уолкер. Біздің студенттер көрменің алғаш күнінен-ақ жүз мыңдаған адамдармен өздерінің шексіз қуат көзімен бөлісті. Осы қуатымызбен бүгін ресми делегация өкілдерімен де бөлісуге қуаныштымыз. Оларға өз сапарларын сәтті жалғастыруға тілектеспіз", – деді ол.

Павильонға сапары кезінде делегация назарына АҚШ тәжірибесі мен америкалық жаңалық табуға икемі туралы бейне ұсынылды. Содан соң, оларға АҚШ жетекші компаниялардың, соның ішінде Дженерал Электрик (GE) компаниясының революциялық технологияларды игеріп, қолданысқа жіберу туралы интерактивті ақпарат берілді.

Ресми делегация құрамына Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж Крол, АҚШ конгрессмені Кевин Крамер, Overseas Private Investment Corporation (OPIC) компаниясының президенті мен бас атқарушы директоры Рэй Уашберн және Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Оңтүстік және Орталық Азия мәселелері жөніндегі президент көмекшісінің орынбасары Лиза Кертис кірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу