АҚШ демократтары ел экономикасының тұралауына билікті кіналайды

848

АҚШ-та Президент сайлауы қарсаңында болатын пікірталастар басталып кетті. 

АҚШ демократтары ел экономикасының тұралауына билікті кіналайды

Осы жолы саяси науқан ерекше болғалы тұр. Майамиде болған алғашқы телеедебатқа демократтар қатысты. Олар елдегі барлық сәтсіздіктерге, әсіресе экономикалық өсімнің бәсеңдеуіне билікті кінәлайды, деп хабарлайды Atameken Business.

­­

Бағдарламаларын таныстырып, өздерін көрсетіп қалуға тырысқандар көп. Әсіресе билікке келгісі келетін қыз-келіншектердің белсенділігі жоғары. Олар қауіпсіздік, денсаулық, сыртқы байланыс мәселелеріне келгенде шашаларына шаң жұқтырмады. Ал Трамп болса, олардың әңгімелерін іш пыстырады деп бағалады.

"Сонымен бізде пікірталас басталып кетті. Менде қашан да таңдау бар. Олар немесе сіздер. Мен дебатқа барып, айтысқанша, сіздермен қауышқанды жөн көрдім. Баршаңызға көп рахмет! Сіздер оларға қарағанда ақылдысыздар және әдемісіздер",– деді Дональд Трамп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу