АҚШ демпартиясы Харристі ресми түрде президенттікке ұсынды

197

Дауыс беру United Center жабық спорт алаңында өтті.

АҚШ демпартиясы Харристі ресми түрде президенттікке ұсынды Фото: © AP Photo / Carlos Osorio

АҚШ вице-президенті Камала Харрис сейсенбі күні кешке өткен ресми дауыс берудің қорытындысы бойынша Демократиялық партияның қараша айында өтетін сайлауда мемлекет басшысы лауазымына кандидаты болып бекітілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты РИА Новости тілшісіне сілтеме жасап.

Дауыс беру United Center жабық спорт алаңында өтті, онда бір күн бұрын Харристің өзі, ел президенті Джо Байден және оның әйелі Джил, сондай-ақ бірқатар жоғары лауазымды партия шенеуніктері сөз сөйледі. Бірінші болып мемлекет басшысының туған аймағы ретінде қолдау білдірген Делавэр штаты Харрис кандидатурасына өз дауысын берді.

"Мен Камала Харристің президенттікке кандидат ретінде ресми түрде бекітілгенін қуанышпен жариялаймын", - деді дауыс беру модераторы.

АҚШ президентінің сайлауы 5 қарашада өтеді. Республикалық партиядан мемлекет басшысы лауазымына бұрынғы президент Дональд Трамп ресми түрде ұсынылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу