АҚШ дипломатиялық миссиясы Қазақстан азаматтары үшін 10 жылдық визаны енгізді

1049

АҚШ дипломатиялық миссиясы Қазақстан азаматтары үшін 10 жылдық визаны енгізді

Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық миссиясы Қазақстан Республикасы азаматтары үшін ұзақ мерзімді іскерлік және туристік визаны енгізді. 2016 жылғы 29 желтоқсаннан бастап Қазақстанның білікті талапкерлері  АҚШ-қа бірнеше сапарға жарамды визаны он жыл мерзімге ала алады.

"Он жылға жарамды іскерлік және туристік визаның енгізілуі қазақстандық және америкалық азаматтарға өздерінің сапарын жоспарлауға қосымша уақыт береді және визаны толтыру жөнінде көп мазаланбауға мүмкіндік береді"- деді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол.

Визалық талаптарды екіжақты жеңілдету жөніндегі хабарлама Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығын атап өтуімен сай келіп отыр. Елші Крол бұл мерейтой жайлы: "Бұл жаңалық екі ел арасындағы соңғы жиырма бес жылда орнаған мызғымас серіктестік пен алдағы ондаған жылда АҚШ-тың Қазақстан халқымен достығына беріктігін білдіреді", - деп атап айтты.

Осымен бір мезгілде Қазақстан Сыртқы істер министрлігі американдық бизнес және туризм саяхатшылары үшін Қазақстанға келуге он жылға жарамды виза енгізді. Сонымен қатар, 1 қаңтардан бастап Қазақстанға 30 күннен аз уақытқа келетін АҚШ азаматтары үшін виза керек болмайтын болды.

Іскерлік немесе туристік виза алуға өтініш берудің құны 160 доллар болып қалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу