АҚШ доллары бойынша жаһандық индекстің төмендеуі жалғаса ма?

Bloomberg медиандық болжамынша 2023 жылғы 1-тоқсанның соңында мұнайдың бір баррелі 78 доллардан 92 долларға дейін өсуі мүмкін. 

АҚШ доллары бойынша жаһандық индекстің төмендеуі жалғаса ма? Фото: massaget.kz

Бұл туралы Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова тілшілерге берген кезекті сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Сарапшылар АҚШ доллары индексінің өсуін қолдайтын факторлардың әлсіреуіне қарай 2023 жыл дамушы нарықтардың валюталары үшін доллардың шегіне жету және қолайлы динамика жылы болуы мүмкін деп санайды. Сонымен қатар әлемдік экономиканың баяулауы сценарийі мен рецессияның басталуы кезінде АҚШ ФРЖ саясатын "қатаңдату" жағдайында АҚШ долларын нығайту жалғасуы мүмкін", – деді спикер.

Мұнай нарығында Еуроодақтың баға шегін енгізуі салдары мен ҚХР-дағы Zero Covid саясатын жеңілдету ықтималдығына қатысты құбылмалылық сақталып отыр.

"Ресей мұнайын сатып алу бағасы бойынша лимиттің әр түрлі салдары бар. Бір жағынан, баға бойынша дисконт енгізу салаға кері әсерін тигізуі мүмкін, екінші жағынан – өндірісті қысқарту бойынша РФ-ның ықтимал қарсы шаралары баға белгілеуді арттыруға ықпал етеді. Екінші белгісіздік Қытайдағы карантиндік шектеулерді жеңілдетуге қатысты, бұл экономикалық белсенділікті арттыруға және әлемнің екінші ірі экономикасы тарапынан энергия ресурстарына сұраныстың кейіннен өсуіне ықпал етуі мүмкін. Bloomberg медиандық болжамында 2023 жылғы 1-тоқсанның соңында мұнайдың бір баррелі 78 доллардан 92 долларға дейін өсуі мүмкін деп жазылған", – деді Әлия Молдабекова.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу