АҚШ доллары нығая түсті

1074

Бүгін АҚШ валютасы нығая түсті. Оған Байденнің Федералды қор жүйесі жетекшісі Джером Пауэлді орнында, яғни тағы бір мерзім қызмет етуге қалдыруға ұсыныс жасауы жағымды әсер етті, деп хабарлайды Atameken Business.

АҚШ доллары нығая түсті

Нәтижесінде, доллардың нарықта ең тұрақты болып саналатын жапон иенасына шаққандағы бағамы 2017 жылдың наурызынан бергі ең жоғары деңгейге дейін көтерілді.

Динамикасына назар аударсақ, оның бір күнде 113-тен 115-ке көтерілгенін байқауға болады.

Осы жағдай, трейдерлердің АҚШ-тың қаржы саясатының болашағына қатысты күмәнін сейілтіп, көк қағазды көптеп сатып алғандар қатары көбейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу