АҚШ Дүниежүзілік денсаулықсақтау ұйымын қаржыландыруды тоқтатты

2605

"Ең ірі құрылтайшы ретінде АҚШ-тың ұйымнан есеп беруді талап етуге хақы бар",– дейді Дональд Трамп.

АҚШ Дүниежүзілік денсаулықсақтау ұйымын қаржыландыруды тоқтатты

Трамп Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын қаржыландыруды тоқтатты. Ол – жалпы бюджеттің 15 пайызы, яғни 400 млн доллар, деп хабарлайды Atameken Business. 

Бұл – індеттің бетін қайтару үшін тағы 1 млрд доллардан аса қаражат қажет деп отырған халықаралық мекеме үшін ауыр соққы. 

"Ақпаратты дер кезінде бермеді. Әлемдік қоғамдастықты адастырды. Негізгі жұмысын дұрыс үйлестіре алмады. Салдарынан уақытылы әрекет етіп үлгермедік. Уханьдағы  жағдайды зерттемеді. Қытай билігінің ықпалында қалды. Егер індеттің таралуын дер кезінде тоқтатса, күллі әлем дәл осылай қиналмас еді" деген кінә тағады Ақ үй жетекшісі аталған ұйымға.

"Америкалықтардың салығы есебінен жыл сайын Дүниежүзілік денсаулық ұйымына 400-500 млн доллар аударып келдік. Ал Қытай бар болғаны 40 млн доллар бөледі. Тіпті одан да аз болуы мүмкін. Ең ірі құрылтайшы ретінде АҚШ-тың ұйымнан есеп беруді талап етуге хақы бар. Олардың ең басты қателігі – Қытайдан елдің келуіне рұқсат беруі. Абырой болғанда, біз уақытылы бәрін жауып, мыңдаған адамның өмірін сақтап қалдық",– дейді Дональд Трамп.

 

Фото http://rusnews24h.com сайтынан алынды

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу