АҚШ экономиканы ынталандыруға $900 млрд бөлмек

598

Бастаманы Сенат мақұлдады, енді құжатқа Трамп қол қоюға тиіс.

АҚШ экономиканы ынталандыруға $900 млрд бөлмек Фото: ria.ru

Құрама Штаттар Сенаты экономиканы ынталандыру үшін $900 млрд шығындау туралы құжатқа қол қойды. Бұған дейін өкілдер палатасы осындай шешім қабылдаған еді. 

Ақ үй, Республикалық және Демократиялық партияларының қос палатадағы өкілдері ақыры экономикалық көмектің көлеміне қатысты ортақ шешімге келді. Ынталандыру шарасы 2021 жылдың қаржы жылына бекітілген бюджетпен бірге қабылданды. Енді құжатқа қазіргі президент Дональд Трамп қол қоюы тиіс. 
Бұл қаражат жұмыссыздарға жәрдемақы төлеуге, әр жеке тұлғаға (ересектер мен балалар) 600 доллардан үлестіруге, экономиканың бірқатар саласын, білім беру жүйесін, шағын бизнесті қаржыландыруға бағытталады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу