АҚШ экономикасы рецессияға ұшырады

1735

Ахуал екінші тоқсанға қарай реттелуі мүмкін.  

АҚШ экономикасы рецессияға ұшырады

Елдегі экономикалық зерттеулердің ұлттық бюросы Құрама Штаттар экономикасының құлдырауға ұшырағанан мәлім етті. 

"Пандемия және вируспен күреске бағытталған шаралардың кесірінен АҚШ экономикасы нашарлөрсеткіштерге ие болды. Бұл жолы рецессияның салдары бұрынғыларға қарағанда орасан",  – деп жазылған бюроның ресми мәлімдемесінде. Айта кету керек, ақпан айы мен былтырғы жылдың төртінші тоқсанында экономикалық белсенділік жоғары болған екен.

АҚШ -тың сауда министрлігінің дерегіне сүйенсек , 2020 жылдың 1 тоқсанында елдің ЖІӨ5 % -ға қысқарған. Сарапшылар екінші тоқсанда құлдырау қарқыны бұдан да жылдамырақ болады деп топшылап отыр. Сәуір айында Құрама Штаттарда жұмыссыздық деңгейі 14 14,79 % -ға дейін көтерілген еді. Бұл Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі ең төмен көрсеткіш. Бірақ мамырда жұмыссыздық деңгейі 13,3 % -ға дейін төмендеді . 

Бірқатар сарапшылардың пікірінше, АҚШ - тағы экономикалық көрсеткіштер екінші тоқсанда тұрақталып, рецессия сол кезде аяқталады. 

Табиғат Нұрболат 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу