АҚШ елшілігі аймақтарға - 50, Астанаға 30 грант бөлді

640

АҚШ елшілігі аймақтарға - 50, Астанаға 30 грант бөлді

22 шілде және 5 тамыз аралығында, Астана қаласында Америка Құрама Штаттарының Астанадағы елшілігі мен Қазақ Ұлттық хореография академиясының ұйымдастыруымен "CENTRAL ASIAN DANCE FESTIVAL" бірінші халықаралық фестивалі өтеді.

Айта кетейік, Астана қаласында алғаш рет өтетін фестивальға Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан елінің талантты бишілері мен хореографтары жиналады. Екі апталық  шеберлік сабақтарын  АҚШ-тан келген Пилкингтон Кэтрин, Комптон Тара сынды әйгілі хореографтар жүргізеді. Хореографияның алдынғы қатарлы шеберлері қатысушыларға неоклассикалық балет, контемпорари, модерн, бродвей, джаз, хип-хоп, сонымен қатар хореографияның фото-видео түсірілімі мен арт- менеджмент тақырыптарына арнайы скилл-ап өткізеді.  

Қазақстандық жастарда  осындай айтулы шараға тегін қатысуға тамаша мүмкіндік бар. Ол үшін 2018 жылдың 30 мамырына дейін cadf.kz сайтында тіркеліп, видео-кастингтен өту қажет. Астанадағы АҚШ елшілігі аймақтарға - 50 грант, Астанаға - 30 және Орталық Азияға 20 грант бөлді. 

Қатысушылар өздерінің оқу бағдармаларына негізгі американдық би формаларын енгізу үшін оның  техникасы мен құралдарына үйренеді. Сонымен қатар, бүгінгі танда кез-келген бизнестің маңызды бөлігі - маркетинг пен байланыс салаларында кең дағдыға ие болып, заманауи сандық өнер мен кино, фотосурет бағыттарына қажет құралдарын менгереді.

Екі апталық шара мәдениаралық және кәсіби тәжірибе алмасу үшін негіз болып, Орталық Азия аумағында неоклассикалық және заманауи хореография дамуына үлесін қоспақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу