Өткен жылы Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылған Maker camp for Girls техникалық лагері географиялық қамтуды кеңейтіп, енді жеті қалада ұйымдастырылады, сондай-ақ алғаш рет онлайн форматта өтеді. Онлайн сабақтар 13 шілдеде басталып, 24 шілдеде лагерь қатысушылары жобаларының тұсаукесерімен аяқталады.
MakerCamp For Girls жобасының мақсаты – стереотиптерді жойып, қыздарға өздерін нақты ғылымда сынап көруге, инженер мен бағдарламашылар ретінде сезінуге мүмкіндік беру.
Екі апта бойы қыздар бағдарламалау, сайттарды әзірлеу бойынша негізгі білімді тегін ала алады, сондай-ақ Scratch графикалық тілін үйренеді. Шақырылған сарапшылар жобалармен жұмыс істеу, нақты ғылымдардағы креативтіліктің рөлі және кәсіби болашақта пайдалы коммуникация дағдылары туралы дәрістер өткізеді.
Қыздар күнделікті өмірмен байланысты жергілікті проблемалар мен мәселелерді шешетін жобаларды тиімді шешу үшін чат боттарыды пайдаланатын болады.
Онлайн лагеьрге 15-18 жас аралығындағы оқушылар шақырылады, оффлайн лагерьге 13-15 жас аралығындағы оқушылар қатыса алады.
Онлайн лагерьге қатысу үшін 2020 жылдың 9 шілдесіне дейін онлайн-тіркелу нысанын мына сілтеме бойынша толтыру қажет: https://forms.gle/ErpoVJQytnJB1Dup7
Алғашқы рет Makercamp for Girls бағдарламасы 2017 жылы Алматыда АҚШ Бас консулдығының қолдауымен және "Шеврон" компаниясының демеушілігімен жүзеге асырылды.