АҚШ елшілігінде Қазақстан полициясына 17 автомобильдің кілті тапсырылды

1100

Сондай-ақ 68 тасымалданатын радиостанция табысталды.

АҚШ елшілігінде Қазақстан полициясына 17 автомобильдің кілті тапсырылды

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уильям Мозермен кездесуі өтті.

ІІМ баспасөз қызметі аталған кездесуде ІІМ есірткіге қарсы іс-қимыл арнайы бөліністері мен оқу орындарына арналған техникалық құралдар мен автокөліктер кілті ресми тапсырылғанын хабарлады.

Америка тарапынан Қазақстан полициясына 17 автомобиль және 68 тасымалданатын радиостанция берілді, олар кейіннен аумақтық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністеріне және ведомстволық оқу орындарына жолданатын болады. 

Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев америкалық қонақтарды келе жатқан ұлттық мейрамдары АҚШ тәуелсіздігі күнімен құттықтады. АҚШ елшілігінің полиция қызметтерін материалдық-техникалық жабдықтауға, ішкі істер органдарының қызметкерлерін оқытуға қосқан үлесін атап өтіп, алдағы уақытта табысты ынтымақтастықтың жалғасатынына сенім білдірді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу