Ауғанстан астанасы Кабулдегі АҚШ елшілігіне жақын жерде жарылыс болып, 4 адам қаза тапты. Тағы 8 кісі жараланған, деп хабарлайды 24.kz.
Теракт "Кабул банктің" кіре берісінде кісі қарасы көп кезде жасалған. Беліне жарылғыш байлаған лаңкес өзін жарып жіберді. Әзірге шабуылды ешқандай топ мойнына алған жоқ. Әзірге АҚШ елшілігі қызметкерлерінің жапа шеккені туралы ақпарат жоқ.
Айта кетейік, мамырдың 31-і күні Германия елшілігінің қасында күшті жарылыс болып, 90 адам ажал құшқан. Жарылыстың күштілігі соншалық, 30-дан астам көлік жанып кеткен еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу