АҚШ елшісі Қазақстан халқын жаңа жылмен құттықтады

237

Уильям Мозер Қазақстанның таңқалдырып келе жатқанын айтты.  

АҚШ елшісі Қазақстан халқын жаңа жылмен құттықтады

Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозер 2019 жылғы қызметін қорытындылап, қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"2019 жылдың наурыз айында Қазақстанға елші болып келгенде мені таңғажайып тәжірибе күтіп тұрғанын білдім. Биыл Қазақстан мен АҚШ тығыз ынтымақтастығын дәлелдейтін көптеген бағдарламалар мен шараларға қатысу мәртебесіне ие болдым. Қазақстанның Тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мемлекет ретінде АҚШ жарық болашақ жолында қолдау көрсетуге дайын. Соңғы 10 айда Қазақстанның түкпір-түкпірінде, Өскеменде, Атырауда, Оралда, Петропавл мен Шымкент сынды түрлі қонақжай қалаларда болдым", –  деді Уильям Мозер Facebook желісінде жарияланған құттықтауында.

Сонымен бірге, дипломат еліміздегі көрікті орындарға бару жөнінде кеңес берген қазақстандықтарға алғыс айтты.

"Әлі талай қызықты орындарды көруім керек, сіздердің ақыл-кеңестеріңіз өте қажет. Қазақстан мені таңқалдырып келеді. Әсіресе, Каспий теңізінің сұлулығы, Шарын шатқалының ерекшелігі таңдай қақтырады. 2020 жылы да мемлекеттеріміз арасындағы достықты нығайтуға ықпал етеміз деп үміттенемін. Жаңа жыл құтты болсын!", – деді У. Мозер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу