Джуди Куо Қазақстанды ақпарат еркіндігін толық қамтамасыз етуге шақырды

1424

АҚШ-тың Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі Джуди Куо бұл сөзін QazForum-ның ашылуында айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Джуди Куо Қазақстанды ақпарат еркіндігін толық қамтамасыз етуге шақырды

"Бүгін Қазақстан азаматтарының басым бөлігі әлеуметтік желіде. Олар әлеуметтік медианың белсенді қолданушылары ғана емес, желідегі медианы тұтынуды өзгертеді. Көптеген қазақстандықтар әлемдік онлайн нарыққа өз үлесін қосып, Қазақстанда жасалған медиа өнімдерді шекарадан тыс аймақтарда да танымал етеді.

Қазақстан интернетке қолжетімділік бойынша аймақтық көшбасшы болып табылады. Бұл қоғамға оң әсер ететін үлкен жетістік. Ақпарат еркіндігіне толық құрмет көрсетіліп, STEM және IT-білімге инвестиция жасалса мұндағы цифрлық нарық, соның ішінде Қазақстанда жасалған медиа өнімдер, тек Қазақстан экономикасының өсуіне ғана емес, сондай-ақ бүкіл Орталық Азия аймағына маңызды актив бола алатынына сенімдімін", – деді Джуди Куо.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың бесінші форумы болып жатыр. АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі – іс-шараның бастамашысы және идеялық қолдаушысы.

Джуди Куоның айтуынша, QazForum қазақтілді БАҚ пен интернет-контент жасаушылардың басын қосып, қазақтілді кәсіпқой қауымдастық үшін қол жетістіктерді дамытып, әлі де жүзеге асырылып жатқан істерді талқылау үшін құрылған.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу