АҚШ елшісі: Санкциялардың Қазақстанға әсер еткенін қаламаймыз

1121

Құрама Штаттардың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер Ресейге қарсы санкциялардың Қазақстанға әсері туралы айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

АҚШ елшісі: Санкциялардың Қазақстанға әсер еткенін қаламаймыз

"Шектеу шараларының Ресейдің әрекетін өзгерту үшін қабылданғанын айтқым келеді. Ресей біздің сайлауға және мемлекеттік ақпаратқа араласты. Осы жайтты атап өткім келеді. Біз мұндай әрекетке бұдан әрі жол бермейміз.Қазақстан туралы айтатын болсам, Қазақстанға бұл санкциялардың салдары әсер етпес үшін талай жұмыс атқардық және жалғастыра береміз. Ресейге бағытталған шектеу шараларының Қазақстанға әсер еткенін қаламаймыз", – деді АҚШ елшісі.

Еске сала кетсек, 15 сәуірде АҚШ Ресейге қарсы тағы да санкциялар енгізген еді. Нақтырақ айтқанда, 32 жеке тұлға мен ұйымға қарсы шектеу жарияланды. 14 маусымнан бастап АҚШ қаржы институттарына Ресейдің Орталық банкінен, Қаржы министрлігінен, ұлттық әл-ауқат қорынан борыштық бағалы қағаздарды тікелей сатып алуға тыйым салынды.Сонымен қатар Вашингтон ресейлік дипломатиялық миссиясының 10 қызметкерін елден шығаратынын мәлім етті.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу